banner

News

«Самға – жас түлек!»

22 June 2026 10:16

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2025–2026 оқу жылы түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Биыл 85 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты.

Салтанатты шарада оқу озаттары ерекше құрметке ие болды.  «Алтын белгі» иегерлері:
Марденова Айдана, Исанова Лейла.

«Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлері:
-Бақытжан Өркен
-Алмагамбетов Мансур
-Горжанов Дмитрий
-Ким Екатерина
-Радченко Дарья

Мерекелік кеште мектеп директоры Гульнара Дусказиева түлектерге жүрекжарды тілегін арнады. Сонымен қатар, шара қонағы – 2020 жылғы мектеп түлегі, NIS Alumni қауымдастығының мүшесі Назарбекова Санимгуль де өз тәжірибесімен бөлісіп, жас түлектерге ақ жол тіледі.

Барлық түлектерге мектеппен байланыстың үзілмейтінін білдіретін «NIS Alumni» қауымдастығының арнайы сыйлықтары табысталды.

Кештің ерекше сәттерінің бірі – ата-аналардың балаларына арнап орындаған әні болды. Бұл әсерлі сәт көпшіліктің жүрегінен орын алды. Қымбатты түлектер! Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын!