Жаңалықтар
Steppe School оқушылары республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
13 қараша 2025 11:00
International Steppe School оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Математика пәні бойынша 5 «А» сынып оқушысы - Ерали Ербатыр ІІ орынды иеленді.
Ағылшын тілі пәні бойынша 5 «С» сынып оқушысы - Динмухамед Рахматуллаев ІІ орынмен марапатталды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 5 «А» сынып оқушысы - Аяна Нұрбекқызы ІІІ орын иеленді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 «А» сынып оқушысы - Сағи Зейнель-Габиден ІІІ орын алды.
Жаратылыстану пәні бойынша Амирхан Шыңғысұлы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, өзінің белсенділігін көрсетті.
Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз. Болашақта биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!