Жаңалықтар
Steppe School қалалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
29 қазан 2025 10:30
Steppe School оқушылары “Балапан” қалалық зияткерлік олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды.
Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған “Балапан” қалалық зияткерлік олимпиадасында Steppe School оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
Санжар Ернатұлы математика пәнінен ІІ орын иеленді;
Алуа Бақыт математика пәнінен І орын, ал қазақ тілі пәнінен ІІ орын алды;
Нұртай Жұмағұлов математика пәнінен ІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, олимпиадаға белсенді қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін танытқан Әмір Өмірбекұлы мен Жасұлан Сағыныш арнайы сертификаттармен марапатталды.