Жаңалықтар
Steppe School-да әкелер мен балалар арасында достық футбол матчы өтті
08 қараша 2025 18:00
Бүгін мектебімізде әкелер мен балалар арасында достық футбол матчы өтті.
International Steppe School бас директоры Ермек Серікұлының бастамасымен әкелер мен балалар арасында достық футбол матчы өтті. Кездесу қызықты әрі әсерлі сәттерге толы болды.
Басты мақсат – әке мен бала арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту, ортақ қызығушылық арқылы қарым-қатынасты нығайту.
Steppe School ұжымы мұндай спорттық кездесулерді сенбі күндері өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақ. Себебі футбол - тек ойын емес, ол отбасы бірлігін нығайтудың тамаша тәсілі!