Жаңалықтар
1-5 сынып оқушыларымен «Бәрін таста да оқы» тәрбие сағаты өтті
11 қараша 2025 10:02
Мектепте 1-5 сынып оқушыларына арнайы «Бәрін таста да оқы» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, оқыған шығармалары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар кітапты күту ережелері мен кітап оқудың маңызы түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты қысқаша бейнеролик көрсетілді.
Одан бөлек, оқушылардың білімін тексеруге арналған «Кім тапқыр?» викторина ойыны ұйымдастырылды. Шара соңында мектеп кітапханасындағы жаңа әдебиеттерге шолу жасалды.