Жаңалықтар
Steppe School оқушылары шахматтан жүлделі орындар иеленді
21 қараша 2025 09:24
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының оқушылары арасында шахматтан желілік олимпиада өтті.
Олимпиадаға мектебімізден оқушылар қатысып, 5-6 сынып арасында І орынды иеленді.
Қыздар арасында Балнұр Байсапар І орын, Диана Мұратқали ІІ орынды иеленсе, ұлдар арасында Абай Кинаятов І орын, Дәулет Байменов арнайы сертификатпен марапатталды.
Оқушыларды олимпиадаға дайындаған шахмат тренеріміз - Арман Ермекұлына алғыс білдіреміз.
Олимпиадаға белсенді қатысқан оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз.