logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Steppe School-да аналарға арналған ерекше кездесу өтті

22 қараша 2025 08:32

International Steppe School of Almaty сенбілік демалыста аналарға арналған ерекше кездесу өткізді.

Кездесу жылулыққа, шынайы эмоцияларға және шабытқа толы болды.

​Арт-терапия барысында аналар қылқаламмен түрлі-түсті суреттер салып, шығармашылық әлемге саяхат жасады. Ал психологиялық тренингте бір-бірімен ой бөлісіп, жаңа әсер мен серпіліс алды.

​Бақытты ата-ана – бақытты баланың кепілі. Ал, бақытты баладан жарқын болашақ қалыптасады.

​Бүгінгі кездесуге белсенді қатысып, шынайылық танытып, алтын уақыттарын бөліп келген аналарға алғыс білдіреміз.

​International Steppe School – тек білім беретін мекеме ғана емес, отбасы құндылықтарын дәріптейтін, мейірім мен қолдауға толы орта.