logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық ынтымақтастық: Steppe School-ға Әзербайжан делегациясы келді

24 қараша 2025 17:43

Бүгін International Steppe School мектебіне Әзербайжан Республикасының Hedef International School делегациясы ресми іссапармен келді.

​Сапардың басты мақсаты — қос білім ордасы арасындағы тәжірибе алмасу және халықаралық байланыстарды нығайту. Кездесу аясында мәртебелі қонақтар мектептің білім беру моделімен және заманауи инфрақұрылымымен жақыннан танысып, оқу ордасының ішінде арнайы ұйымдастырылған экскурсияға қатысты.

​Ресми жүздесу барысында екі тарап бірлесіп жұмыс істеудің болашақ мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар білім беру үдерісін жетілдіру мен тәрбиелік құндылықтарды қамтитын маңызды ынтымақтастық меморандумын жасасу мәселесін қарастырды.

​Бұл қадам алдағы уақытта екі елдің үздік білім беру мекемелері арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге жол ашпақ.