logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Steppe School-да актерлік шеберліктен ашық сабақ өтті

27 қараша 2025 09:11

International Steppe School-дың кіші тобы актерлік шеберліктің екінші ашық сабағын сәтті өткізді.

​Оқушыларымыз бір ай бойы меңгерген білімдері мен дағдыларын ата-аналарының алдында сенімді түрде көрсетіп, өз өнерлерімен қуантты.

​Ашық сабақ қызықты әрі ерекше шабытпен өтті. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен жаңа дағдылары айқын байқалды.

​Steppe school-дың оқушыларын шығармашылыққа баулып жүрген «Игра» театр мектебінің жаттықтырушысы Аполлинария Хромоваға, өнерге құштар кішкентай актерлерімізге және оларды әрдайым қолдап жүретін ата-аналарына алғыс білдіреміз!