Жаңалықтар
Пәкістан Сенаторы Алматыдағы халықаралық мектепке ресми сапармен келді
28 қараша 2025 18:14
International Steppe School-ға Пәкістан Ислам Республикасының Сенаторы, доктор Зарка Сухарварди Таймур (Dr. Zarqa Suharwardy Taimur) ресми іссапармен келді.
Жұмыс сапары барысында білім ордасының заманауи инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу процесінің ерекшеліктерімен толығыра танысты.
Мектептің тыныс-тіршілігін көріп, атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берген сенатор білім беру ошағының әлеуетіне үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу аясында тараптар екі ел арасындағы білім беру саласын дамытудың маңызды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ қос мемлекеттің оқу орындары арасында тығыз серіктестік орнату, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктері сөз болды.
Инновациялық бағыттағы мектеп басшылығы бұл кездесу халықаралық байланыстарды нығайту мен білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.