Жаңалықтар
Steppe School оқушылары халықаралық робототехника байқауында үздік ондыққа енді
28 қараша 2025 09:30
International Steppe School of Almaty оқушылары робототехника бағыты бойынша өз жобаларын ұсынып, “FIRST LEGO League Explore” халықаралық бағдарламасы ұйымдастырған конкурсқа қатысып, үздік ондық қатарынан көрінді.
Биылғы маусымның тақырыбы аясында оқушылар өздерін археолог ретінде танытып, зерттеу жүргізіп, шығармашылық идеяларын іске асырып, LEGO негізінде модельдер құрастырды. Сонымен қатар командамен жұмыс істеу, бірлесіп шешім қабылдау және жобаны таныстыру дағдыларын дамытты.
Байқауға қатысқан оқушылар:
• Жомарт Сұңқар - 2-сынып
• Сабыржан Иманғали - 3-сынып
• Многолетний Платон - 3-сынып
• Медет Әмір - 3-сынып
Бұл жетістік - Steppe School оқушыларының инженерия әлеміне жасаған алғашқы сенімді қадамдарының бірі.
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз.