Жаңалықтар
Steppe School-да Назарбаев Зияткерлік мектептерінің директорлары қонақта болды
11 желтоқсан 2025 10:43
Бүгін International Steppe School of Almaty мектебінде Қазақстанның әр өңірінен келген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің директорлары қонақ болды.
Іссапар барысында қонақтар мектептің инфрақұрылымымен, оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен және білім беру жүйесінің күнделікті жұмысымен танысты. Сонымен қатар робототехника, шығармашылық, спорт және ғылым кабинеттерін аралап, оқушыларға жасалған мүмкіндіктермен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Кездесу нәтижесінде келген қонақтар мектептің заманауи білім беру талаптарына сай жабдықталғанын атап өтіп, оқу орнының жұмысын жоғары бағалады.
Аталған кездесу тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.