logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

nternational Steppe School оқушылары «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне тағзым етті

15 желтоқсан 2025 10:07

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай International Steppe School-дың 3-сынып оқушылары «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне арнайы барып, ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен ұрпаққа құрмет көрсетті және гүл шоқтарын қойды.

Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихымен жақынырақ танысып, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін тереңірек түсінді. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтып, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Тәуелсіздік - ұлттың баға жетпес құндылығы. Оны құрметтеу, сақтау және келер ұрпаққа жеткізу - әрбір азаматтың қасиетті міндеті.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-