logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Steppe School-да Тәуелсіздік күніне арналған тағылымды іс-шара өтті

15 желтоқсан 2025 10:52

Бүгін International Steppe School-да Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар ел тәуелсіздігін, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптейтін әндер орындап, егемендік жолында жанын қиған батырлардың рухына тағзым етті. Сондай-ақ оқушылардың жүректен шыққан өлеңдері мен әсерлі өнер көрсетулері көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін терең түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың елін, жерін құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін нағыз патриот болып қалыптасуына ықпал етеді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-