logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

1-сынып оқушылары Әліппемен қоштасты

22 желтоқсан 2025 11:16

Бүгін International Steppe School мектебінің 1-сынып оқушылары Әліппемен қоштасты.

Бұл күн олардың білім жолындағы алғашқы маңызды белесі болды. Оқушылар барлық әріптерді меңгеріп, кітап оқуға деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Салтанатты іс-шараға ата-аналар мен мектеп әкімшілігі қатысты. Әліппені аяқтау құрметіне мектеп директоры Ермек Серікович оқушыларды құттықтап, оларға алғыс хаттар табыстады.

Біздің бүлдіршіндерімізді құттықтаймыз және алдағы оқу жолында зор жетістіктер тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-