logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Steppe School-да ерекше әдеби кездесу өтті

26 желтоқсан 2025 11:24

Бүгін International Steppe School-да оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен мазмұнды әрі тағылымы мол әдеби кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 5 «А» сынып оқушылары ата-аналарымен бірге қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесін талқылап, шығарма төңірегінде өзара пікір алмасты. Оқушылар оқыған туынды бойынша өз ойларын ортаға салып, көріністер арқылы кейіпкерлердің мінезі мен бейнесін әсерлі жеткізе білді.

Әдеби кеш шығармашылыққа, терең ойға және мазмұнды талқылауға толы болды. Мұндай кездесулер оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырған Ақнұр Сәбитқызына алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, әдеби кештің сәтті өтуіне белсенді қатысқан ата-аналар мен оқушыларға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Фотогалерея

image-
image-