Жаңалықтар
Steppe School оқушылары FIRST LEGO League 2026 фестиваліне қатысты
06 қаңтар 2026 11:34
Steppe School оқушылары FIRST LEGO League 2026 маусымында жетістікке жетті.
Steppe School оқушылары робототехника бағыты бойынша өткен FIRST LEGO League 2026 маусымына қатысып, өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жарысқа 2 «А» сыныбынан Жомарт Сұңқар мен Тоқан Мансұр, 3 «А» сыныбынан Мешітбек Бұрхан, 3 «С» сыныбынан Ахмеджанов Сардор, сондай-ақ 3 «D» сыныбынан Медет Әмір қатысты.
Қатысушылар командалық жұмыс, инженерлік ойлау және инновациялық шешімдер ұсыну бағытында ерекше белсенділік танытты. Нәтижесінде «Cosmo Pixels» командасы «Үздік командалық постер» номинациясын иеленсе, «Robofalcons» командасы Қазылар алқасының арнайы көзайымы атанды.
Оқушыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтап, ғылым мен технология жолындағы жаңа жеңістер мен шабыт тілейміз!