Жаңалықтар
Steppe School ата-аналар комитетімен жиналыс өтті
13 қаңтар 2026 15:10
Steppe School-де ата-аналар комитетінің қатысуымен кезекті жиналыс ұйымдастырылды.
Кездесуге мектептің бас директоры Ермек Серікұлы қатысып, ата-аналар қауымына мектептің жаңа академиялық директоры Тлеулина Тлектес Баржақсықызын ресми түрде таныстырды.
Жиналыс барысында оқушылардың оқу жетістіктері, тәртібі мен мінез-құлқы, қосымша үйірмелерге қатысу белсенділігі, сондай-ақ мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ата-аналар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Олар мектеп әкімшілігімен бірлесе жұмыс істеп, балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
Мұндай кездесулер мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтып, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.