logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

Аудиторияны мүліктік жалға беру

Петропавл қ., Ысқақ Ибраев К-сі, 22а мекенжайында орналасқан аудиторияны мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру 

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы (бұдан әрі-Филиал) Петропавл қ., Ысқақ Ыбраев к-сі, 22а мекенжайында орналасқан аудиторияны мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды 

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін үй-жайдың жалпы ауданы 48,0  ш. м. құрайды. 

Жалдау мерзімі- 2026 жылғы 28 қазаннан 2027 жылғы 31 мамырға дейін.  

Жалға алу уақыты- жұмыс күндері 17 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін (дүйсенбі-жұма). 

Нысан үй-жайдың нысаналы мақсатына сәйкес жалға беріледі.  

Әлеуетті жалға алушының хабарландыруда көрсетілген жалдау мерзімі мен уақыты шеңберінде конкурсқа қатысуға өтінім беру кезінде жалдау уақыты мен күнін таңдауға құқығы бар. Бұл ретте жалға алу уақыты мен күндерін өтінімде көрсету қажет.  

Үй-жай үшін жалдау ақысының құны сағатына осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес прейскурантта бекітілген сомадан кем болмауы тиіс.  

Әлеуетті жалға алушылар өтінімдерді мөрленген конверттерде 2026 жылы 20 қазан сағат 10:00-ге дейінгі мерзімде, Қазақстан Республикасы, СҚО, Петропавл қ., Ысқақ Ыбраев к-сі, 22а, 2 қабат, 231 каб мекенжайы бойынша филиал конкурсын ұйымдастырушыға ұсынады, тел. 8 7152 559722 (ішкі.4918).  

Әлеуетті жалға алушылардың өтінімдері салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2025 жылғы 20 қазан сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы, СҚО, Петропавл қ., Ысқақ Ыбраев к-сі, 22а, 2 қабат, 226 каб мекенжайы бойынша өткізілетін болады. тел 8 7152 559722 (ішкі.4918).  

Қосымша