logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавлдық NIS оқушылары облыстық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

01 сәуір 2026 13:35

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 14–17 жас аралығындағы оқушыларға арналған математика және информатика пәндері бойынша облыстық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Зияткерлік сайысқа облыс бойынша барлығы 76 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша NIS оқушылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Иманғали Жақсыбай (9-сынып) — I орын
Данил Эпов (10-сынып) — II орын
Екатерина Колусенко (9-сынып) — III орын
Шыңғысхан Жақсыкелді (9-сынып) — III орын