logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавлдық NIS-тің оқушысы INFOMATRIX-ASIA халықаралық байқауының жүлдегері атанды

27 наурыз 2026 13:41

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы беделді INFOMATRIX-ASIA халықаралық байқауында II орын иеленді. 25–27 наурыз аралығында Астана қаласында өткен бұл додаға 3000-нан астам өтінім келіп түскен. Соның ішінен тек 600 үздік финалист іріктеліп алынды. Ал офлайн кезеңге 10 елден 250-ден астам команда қатысты.
Петропавлдық NIS-тің атынан қатысқан оқушы HomePal атты үйде көмек көрсетуге арналған интеллектуалды жүйесін ұсынды. Бұл жүйе құлауды анықтау, дауыстық көмекші және қауіпсіздікті бақылау функцияларымен қамтылған. Ол жүйе қарт адамдардың өз бетінше әрі қауіпсіз өмір сүруіне көмектеседі. Жоба «Жабдықтарды басқару» секциясы аясында орындалды. Бұл бағытта қатысушылар электронды немесе механикалық құрылғылармен өзара әрекеттесетін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуі тиіс болды. Жоба техникалық шешімдермен қатар практикалық маңыздылығымен ерекшеленіп, роботтың қоғамға нақты пайдасын көрсетеді.
Байқау ағылшын тілінде ұйымдастырылған. Қатысушылар екі кезеңнен: онлайн іріктеу және офлайн қорғау кезеңдерінен өтті. Ақтық кезеңде командалар өз жобаларын қазылар алқасына таныстырып, сұрақтарға жауап беріп, арнайы стендтерде өз жұмыстарын көрсетті. Нәтижесінде Артур жүлделі орынға ие болды.