Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің футзал құрамасы облыстық жарыста жеңіске жетті
26 наурыз 2026 14:00
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9–12 сынып оқушыларынан құралған футзал құрамасы облыстық жарыста жеңіске жетіп, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс барысында мектеп командасы алғашқы болып Жамбыл ауданының құрамасымен кездесті. Қарсыласын 9:0 есебімен ұтқан ойыншылар екінші ойында Есіл ауданының футболшыларын 9:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ақтық кезең IT лицейіне қарсы өтіп, тартысқа толы болды. Ойын барысында есеп 4:1 болып қарсыластардың пайдасына шешіліп жатқанымен, соңғы минуттарда команда керемет қайсарлық танытып, есепті 4:4-ке жеткізді. Ал пенальти сериясында NIS сұңқарлары жеңісті жұлып алып, чемпион атанды.
Ендігі кезекте мектеп құрамасы республикалық чемпионатта Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды.