Жаңалықтар
Белгілі ғалым Жамбыл Артықбаев петропавлдық оқушыларымен кездесті
02 сәуір 2026 16:21
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары белгілі қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Омарұлы Артықбаевпен кездесті. Ғалымның Петропавл қаласына жұмыс сапары аясында өткен іс-шара тарихи білімді насихаттауға, этнологияға қызығушылықты арттыруға және мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталды. Кездесу барысында Жамбыл Артықбаев өзінің ғылыми қызметі, археология және этнология салаларындағы зерттеулері туралы айтып, «Nomadius» этнографиялық музей-кешенін құру тәжірибесімен бөлісті.
Оқушылар аталған тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Бұл кездесу мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті.