Жаңалықтар
«NIS-пен бірге оқиық» жобасы
03 сәуір 2026 16:27
«NIS-пен бірге оқиық» жобасы аясында 7 «Е» сыныбының оқушылары Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесіне арналған әдеби іс-шараға қатысты.
Оқушылар шығарма мазмұнына терең бойлап, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасап, өз ой-пікірлерін білдірді. Кітапханашы сұрақ-жауап арқылы оқушылардың шығарманы меңгеру деңгейін анықтады. Кездесу барысында оқушылар бес кейіпкердің негізінде топтарға бөлініп, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындап шықты. Нәтижесінде қызықты пікірталас алаңы қалыптасып, түрлі көзқарастар бір жерде тоғысты.
Шара соңында ерекше белсенділік танытып, терең ойымен көзге түскен оқушылар «OYLA» журналына ие болды.