Жаңалықтар
READx іс-шарасы өтті
06 сәуір 2026 17:26
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткердік мектебінің кітапханасында 7 «А» және «В» сыныптарының оқушыларына арналған READx іс-шарасы өтті.
Кездесу барысында оқушылар өздері оқыған кітаптары бойынша ой бөлісті. Болат Малика жиналғндарға Гэнки Кавамураның «Егер әлемдегі барлық мысықтар жоғалып кетсе» шығармасын таныстырды. Тимирова Амина Ф. М. Достоевскийдің «Қорланғандар» туындысы туралы баяндады. Такин Самир М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының мазмұны мен маңызын түсіндірсе, Еділбаева Наргиза А. Инглиштің «Эхо Квикторн және Ұлы шекарадан тыс әлем» шығармасын ұсынды.
Қатысушылар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, шығармалардың негізгі идеялары мен олардың мәні туралы пікір алмасты. Ал тыңдарман қауым, алдағы уақытта бұл шығармалардың барлығын оқып шығатын болды.