logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Antalya Open Cup халықаралық жарысында күміс жүлде

06 сәуір 2026 14:27

Петропавл қаласындағы NIS-тің 5-сынып оқушысы Мырзабай Дастан және 10-сынып оқушысы Мирас Темиров Түркияда муайтайдан өткен Antalya Open Cup халықаралық жарысында күміс жүлдегер атанды.
XIV Antalya Open Cup турниріне әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Аталған жарыста қазақстандық спортшылар 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия құрамасы, үшінші орынды Венгрия командасы иеленді. Атап өтейік, Antalya Open Cup муайтайдан өтетін беделді халықаралық турнирлердің бірі болып саналады. Оқушыларды дүйсенбілік жиында мектеп директры Виктор Сосин марапаттады.