logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Абай шығармаларын мәнерлеп оқу сайысының I кезеңі өтті

09 сәуір 2026 13:52

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жүректің көзі ашылса…» атты Абай шығармаларын мәнерлеп оқу сайысының I кезеңі өтті.
Бірінші кезеңге 7–11 сыныптардың 88 оқушысы қатысып, өз бақтарын сынады. Биылғы іріктеу кезеңінің ерекшелігі 8-сыныпта оқып жүрген қазақ сыныптарының барлық оқушылары байқауға бір адамдай толық қатысты. І кезең қорытындысы бойынша 26 оқушы келесі кезеңге жолдама алды.