Жаңалықтар
BilimLand платформасы бойынша танымдық сабақ өтті
09 сәуір 2026 13:58
Петропавл қаласындағы NIS кітапханасында 7 «А» және 7 «В» сынып оқушыларымен BilimLand платформасы бойынша танымдық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар BilimLand платформасының мүмкіндіктерімен жан-жақты танысты. Олар жүйеге кіру жолдарын меңгеріп, аталған сайттың көмегімен ғылыми және әлеуметтік жобалардықалай жасауға болатынын білді. Сонымен қатар оқушылар BilimLand платформасында химия, биология және басқа да пәндер бойынша сапалы бейнесабақтар мен пайдалы оқу материалдарын іздеп, қолдпнуды үйренді. Осылайша оқушылар жаңа білім алып қана қоймай, заманауи цифрлық ресурстарды қолдануға деген қызығушылықтарын арттырды.