logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Плиция департаменті өкілдерімен кездесу

08 сәуір 2026 14:00

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9-сынып оқушыларына арналған құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында полиция департаменті өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтар туралы, сондай-ақ балалар біле бермейтін, бірақ заң бойынша жауапкершілік қарастырылған әрекеттер жайында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтыны да атап өтілді. Сонымен қатар жауапкершілікке тартылу жасы мен құқыққа қайшы әрекеттердің салдарына ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.