Жаңалықтар
8-сынып оқушылары «Қоғамға қызмет» жобасы аясында өз әлеуметтік жобаларын қорғады
07 сәуір 2026 14:11
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары «Қоғамға қызмет» жобасы аясында өз әлеуметтік жобаларын қорғады. Барлығы мектеп жұртшылығына өз жұмыстарын 146 сегізінші сынып оқушысы ұсынды. Оларға тәлімгер ретінде мектептің 11-сынып оқушылары жетекшілік етті.
Оқу жылының өне бойына оқушылар әлеуметтік және экологиялық бағыттағы түрлі тақырыптармен жұмыс істеді. Жоба оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, бастамашылдығын дамытуға және алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар өздерінің қоғамдағы рөлін тереңірек түсіне бастағанын, өзекті мәселелерге шешім іздеп, қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосуға ұмтылғандарын атап өтті.
Жоба қорытындысы жыл сайынғы жобалар көрмесіне шығарылды. Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынып, жинақтаған тәжірибелерімен басқа оқушылармен бөлісті. Сондай-ақ олардың жұмыстарын мектеп педагогтері бағалады.