Жаңалықтар
Oқушылар қалалық хакатонның жүлдегері атанды
07 сәуір 2026 14:14
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қалалық хакатонның жүлдегері атанды.
Жалпы іс-шараға түрлі мектептерден 13 құрама қатысты. Петропавлдағы NIS-тің атынан 6 команда бағын сынады.
Хакатонның қорытындысы бойынша 2-орынды Максим Жартыкеев пен Давид Джилкибаевтың командасы иеленді. Ал 3-орын Артур Штейнер мен Кристина Фельбушке бұйырды. Оқушыларды информатика пәнінің мұғалімі Асель Нурмуханова дайындады.