Жаңалықтар
Наурыз мерекесі ұйымдастырылды
20 наурыз 2026 14:18
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздар мен қызметкерлердің балаларына арналған Наурыз мерекесі ұйымдастырылды. Түркі халықтарының жаңа жылын қарсы алудың мұндай форматы екінші жыл қатарынан өткізіліп, мектеп қауымдастығының жақсы дәстүріне айналып келеді.
Мерекеге орай балаларға арналған көңілді іс-шара ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарға толы кең дастарқан жайылды. Балалар әз наурыздың басты тағамы наурыз көжеден дәм татты. Мерекеге Кыдыр ата да келіп, балаларды жаңару күнімен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт пен амандық тіледі.
Кейін кішкентай меймандар «тұсау кесу» рәсіміне куә болды. Бұл - баланың жолы ақ, болашағы жарқын болатынын білдіретін көне қазақ дәстүрі. Сонымен қатар, балалар түрлі ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлері және мәдениетімен танысты.
Мереке соңында әрбір қатысушы Кыдыр атадан сыйлық алып, жыл басын ерекше көңіл-күймен қарсы алды.