logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Cадақ атудан жарыс

20 наурыз 2026 14:21

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде садақ атудан жарыс өтті.
Турнирге 17 команда қатысты. Әр команда 8–10 сыныптарда оқитын бір бала мен бір қыз баладан құралды. Биылғы жылдың ерекшелігі — садақ ату мектепте қосымша үйірме ретінде енгізілді. Оқушылар садақ атудың негіздерін жүйелі түрде меңгеріп, ептіліктерін дамытып, ұлттық спорт түрлерімен танысуға мүмкіндік алуда.