logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Батырлардың рухы» атты дәстүрлі фестиваль

17 наурыз 2026 14:23

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлттық спорт түрлерінен «Батырлардың рухы» атты дәстүрлі фестиваль өтті. Іс-шара «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Спорт жарысы Наурыз мерекесі аясында өтіп, барша қатысушыларды ұлттық құндылықтармен таныстырып, салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталды. Бағдарлама барысында петропавлдық NIS оқушылары мен “Асыл мирас” орталығының тәрбиеленушілері түрлі ұлттық ойындардан сынға түсіп, ептілік, жылдамдық және командалық рухын көрсетті. Атап айтқанда жас спортшылар «Теңге ілу», «Бәйге», «Ақсүйек», «Асық ату», «Жаяу көкпар» секілді ұлттық ойындарға белсенді қатысып, өзара күш сынасты.
Фестиваль оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау мен қоғамға бейімдеудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.