logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Екі жұлдыз» жарқын шығармашылық байқау өтті

19 наурыз 2026 14:30

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен педагогтерді біріктірген дәстүрлі «Екі жұлдыз» жарқын шығармашылық байқау өтті.
Ән байқауына мектептің барлық шаңырақтарының өкілдері қатысып, сүйікті ұстаздарымен бірге ән шырқады. Әр дуэт биыл мерейтойлары атап өтілетін Қазақстанның көрнекті ақындары мен композиторларының шығармаларын орындады. Мерекелік байқау Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына, Шөмішбай Сариев пен Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойларына арналды.
Кеш барысында сахнада терең мағыналы, ұлттық нақыштағы лирикалық әрі әсерлі әндер орындалды. Іс шараға бір айдан астам уақыт дайындалған жұптар өздерінің вокалдық қабілеттін, шынайы эмоциясын, әртістік шеберлігі және командада жұмыс істеу дағдысын көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
3 орын: Нұржігіт Ғафур және Аяжан Габдулина
2 орын: Дамир Жұмажан және Наргиза Абдикаримова
1 орын: Дайана Кажтаева және Дильназ Бектимирова
Бас жүлде: Санжар Жайлау және Айгерым Кайданова