Жаңалықтар
Әжелерімен кездесу өтті
18 наурыз 2026 14:38
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Евней Букетов”, “Сафуан Шаймерденов”, “Аяған Шәжімбаев” шаңырақтарының 10–11 сынып қыздары “Қазақ аналары Дәстүрге жол” РҚБ-нің облыстық филиалының әжелерімен тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында әжелер қыздармен отбасы құндылықтары, қыз тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, әжелер орамал тағу мен шаш өрудің түрлі үлгілерін көрсетіп, олардың мән-мағынасын түсіндірді. Шара барысында қыздар әжелермен бірге әуезді ән шырқап, еркін сұхбат құрып, өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Кездесу соңында әжелер қыздарға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады. Аталған шара Наурызнама онкүндігі аясында және «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.