logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жілік сындырудан сайыс ұйымдастырылды

18 наурыз 2026 14:40

Наурыз мерекесі қарсаңында мектепте ұлттық ойын - «Жілік сындыру» бойынша ерекше сайыс ұйымдастырылды. Шараға 11–12 сынып оқушылары, оқушылардың әкелері, сондай-ақ мектеп қызметкерлері мен мұғалімдер қатысты. Дәстүрлі жарыс түрлі буын өкілдерін бір алаңға тоғыстырған тағылымды кездесуге айналды.
Жоғары сынып оқушылары үшін ұлттық күш сынасу жарысы жаңа білімге жол ашты. Оқушылар «Жілік сындыру» дәстүрінің мәні мен маңызын танып, оның мәдени құндылығын түсінді және жілік жарудың негізгі тәсілдерін меңгерді. Жілік жарыс сайысқан ұлдар мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды сақтауға және оны жас ұрпаққа тәжірибе арқылы жеткізуге мүмкіндік береді деп бөлісті.