logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қыздар арасында дәстүрлі шахмат турнирі өтті

16 наурыз 2026 14:45

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қыздар арасында дәстүрлі шахмат турнирі өтті.
Шараға Солтүстік Қазақстан облысының 18 жасқа дейінгі 45 спортшысы қатысты. Олар 3 жас санаты бойынша бақ сынады. Аталған жарыс дәстүрлі түрде өңірдегі қыз балалардың шахматқа деген қызығушылығын арттырып, дарынды оқушыларды қолдауға мүмкіндік беріп келеді. Шараға қатысушылар сертификатпен, ал жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталды.