logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Шежіре – менің отбасымның тарихы» атты мектепішілік жобасы

13 наурыз 2026 15:08

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7 сынып оқушыларының арасында «Шежіре – менің отбасымның тарихы» атты мектепішілік жоба өтті. Жоба аясында оқушылар өз отбасының тарихын зерттеп, ата-аналары мен туыстарының көмегімен өз әулетінің шежіресін дайындады.
Қатысушылар постерлерде өз отбасының генеалогиялық ағашын ұсынып, ата-бабалары туралы мәліметтерді, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарын көрсетті. Жоба оқушылардың өз әулетінің тарихына деген қызығушылықты арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ата-баба мұрасына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған. Жұмыстарды қорғау барысында оқушылар өз зерттеулерінің нәтижесін таныстырып, отбасы тарихы және қызықты деректермен бөлісті.