Жаңалықтар
«Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық шарасы
13 наурыз 2026 15:11
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Наурыз мерекесін тойлау аясында «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық шарасы өтті. Оған мектептің барлық шаңырақтарының оқушылары ат салысты.
Бүгін оқушылар көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардағы балаларды қолдау мақсатында макарон, ұн, май, шай, жармалар мен тәтті-тоқаш сияқты азық-түлік өнімдерін әкелді. Жиналған көмек ерекше қолдауды қажет ететін 20 отбасыға үлестірілетін болады. Бұл шара Наурыз мерекесінің басты құндылықтары – мейірімділік, өзара көмек және жақынға қамқорлық көрсету екенін тағы бір рет еске салды. Жалпы, Наурызнаманың 10 күнінде мектеп оқушылары күн сайын түрлі іс-шараларға қатысып, ұлттық дәстүрлермен танысып, әлеуметтік және мәдени бастамаларға ат салысатын болады.