logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Сынып сағаты өтті

06 наурыз 2026 15:14

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Есіл» шаңырағының 7А және 7В сынып оқушыларына арналған ерекше сынып сағаты өтті.
Стилист Вильдана Бағадат қыздарға арнап «Сұлулық сыры» атты шеберлік сағатын өткізіп, өзін күту, стиль қалыптастыру және өзіне деген сенімділік туралы пайдалы кеңестерін берді. Мерекеге орай ұлдар қыздарға арнап мерекелік дастарқан жайып, шағын өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.