Жаңалықтар
Kүншуақты балалармен кездесу
04 наурыз 2026 15:21
Петропавл қаласындағы NIS-те мектептің тұрақты қонақтарына айналған күншуақты балалармен кезекті жылы кездесу өтті.
“Қоғамға қызмет” жобасы аясында өткен іс-шараны «Евней Бөкетов» шаңырағының 8-сынып оқушылары ұйымдастырды. Қонақтар үшін көңілді қимылды ойындар, шығармашылық тапсырмалар және пайдалы шеберлік сағаттары дайындалды. Балалар ойындарға белсенді қатысып, еркін араласып, бір-біріне қолдау көрсетті. Оқушылар кездесу барысында әрбір бала өзін еркін сезініп, қамқорлық пен ықыласты сезіне алатындай жайлы әрі мейірімді орта қалыптастыруға тырысты.