logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Артур Штейнер республикалық ғылыми жобалар байқауының «Техника» секциясында I орынды иеленді

03 наурыз 2026 15:31

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Артур Штейнер республикалық ғылыми жобалар байқауының «Техника» секциясында I орынды иеленді. Мектеп оқушысы егде жастағы адамдарға арналған ақылды көмекші «HelpMate» әзірлемесін ұсынды.
«HelpMate» - қарт адамдарға күнделікті өмірде көмектесуге арналған мобильді роботтандырылған құрылғы. Робот құлап қалу, газ және су ағып кетуді қадағалайтын датчиктерімен жабдықталған. Қауіп анықталған жағдайда жүйе сигнал береді, пайдаланушыға немесе туыстарына, жауапты тұлғаларға жеткізе алады. Сонымен қатар құрылғы дыбыстық басқаруды қолдайды, дәрі қабылдауды еске салады, туыстарымен байланыс орнатуға көмектеседі және тұрмыстық процестерді жеңілдететін бірқатар қызметтік функцияларды орындайды. «HelpMate» үй жағдайында, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық мекемелерде пайдаланылуы мүмкін. Оқушының әзірлемесі қауіпсіздікті арттыруға, тұрмыстық тәуекелдерді төмендетуге және егде жастағы адамдарға қосымша қолдау мен қарым-қатынас қамтамасыз етуге бағытталған.​​​​​​​​​​​​​​​​
Артурдың жетекшілері Асель Нурмуханова және Вадим Мещанов.