Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі дүйсенбілік жиын өтті
13 сәуір 2026 17:20
Іс-шара аясында оқу, спорт, шығармашылық және сыныптан тыс шараларда жоғары нәтижелер көрсеткен оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Академиялық бағыттағы жетістіктері үшін сыни ойлау және философия пәні бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері Амирхан Жоламан марапатталды. NIS оқушысы 2-орын иеленді.
Артур Штейнер мен Кристина Фельбуш бағдарламалау бойынша хакатон жеңімпазы атанды. Екатерина Колуссенко, Шыңғысхан Жақсыкелді, Данил Епов және Имангали Жақсыбай математика және информатика пәндері бойынша облыстық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.
«Legion» командасының мүшелері - Малика Тайгилова, Арлан Аубакир, Амина Сәлінжуар және Айша Амантай Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған X креативті сайыста NIS мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында жалпыкомандалық 3-орынға ие болды.
Сондай-ақ Еркебулан Сейдуалиев Qazaqstan Debate Championship 2026 турнирінің мектеп лигасында жеңіске жеткені үшін марапатталды.
I дәрежелі дипломмен Дайана Кажтаева — Kids Karaoke Cup Qazaqstan 2026 байқауының жеңімпазы марапатталды. Дәрия Қасен Қазақстан Республикасының XIII жазғы Ұлттық мектеп ойындарында шахматтан 2-орын алды.
10-сынып оқушысы Адель Сагатова «Beyond the Boundaries of Style» атты жеке көркемсурет көрмесін ұйымдастырғаны үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.