Жаңалықтар
Халықаралық мектептер кеңесінің сарапшылар тобы келді
13 сәуір 2026 11:22
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Council of International Schools - халықаралық мектептер кеңесінің сарапшылар тобы келді.
Бұл CIS сарапшыларының мектепті алдағы 5 жылға қайта аккредиттеу аясындағы қорытынды сапары. Апта бойы мектепте CIS-тің 7 сарапшысы жұмыс істеп, білім беру үдерісін, мектеп ортасын және басқару жүйесін жан-жақты бағалайды.
Сапардың алғашқы күні қонақтар мектептің негізгі қызметімен танысты. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері олар үшін мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырып, оқу орнының ерекшеліктерін таныстырды. Сондай-ақ сарапшылар мектеп ұжымымен кездесіп, сапардың мақсаттары мен алдағы жұмыс кезеңдерін талқылады.