logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Lesson Study және Action Research аясындағы зерттеулердің қорытындысы

16 сәуір 2026 14:54

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Lesson Study және Action Research аясындағы зерттеулердің қорытындысы бойынша мектепішілік стенд алдындағы қорғау байқауы өтті.
Байқау барысында ұстаздар 14 зерттеу жұмысын қазылар алқасының бағалауына ұсынды. Қатысушылар оқыту сапасын арттыруға, оқушылардың дағдыларын дамытуға және заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге бағытталған өз жұмыстарының практикалық нәтижелерін көрсетті. Байқау кәсіби тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналған.
Байқау қорытындысы бойынша үздік зерттеулер анықталып, оларды алдағы уақытта мектептің білім беру үдерісіне енгізу жоспарлануда.