Жаңалықтар
READx форматындағы кезекті кездесу өтті
15 сәуір 2026 14:56
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияикерлік мектебінде READx форматындағы кезекті кездесу өтті.
Оған 9-сынып оқушылары қатысты. Бұл жолы мектеп оқушылары оқырмандарға төрт шығарманы таныстырды.
Оқушылар кітапсүйер қауымға 4 кітап ұсынды. “Если все кошки в мире исчезнут” шығармасы өмірдің құндылығы мен маңызды ұсақ-түйектер туралы сыр шертеді. Бұл шығарма бойынша өз әсерімен Дарья Барабанова бөлісті. Ал Амира Шаймердинова “Карты на столе” атты күтпеген сюжетті интеллектуалдық детектив туралы әңгімеледі. Сонымен қатар оқырмандар Салима Шакенованың таныстырған “Янки из Коннектикута при дворе короля Артура” шығармасы туралы білді. Ислам Ардақ “20 000 лье под водой” кітабын оқып, өз әсерімен бөлісті. Бұл шығарма - су асты әлемін танытатын ғылыми фантастика.
Қатысушылар шығармалардың мазмұнын баяндап қана қоймай, олардың негізгі идеясын жеткізуге, тыңдармандардың қызығушылығын оятуға және кітап оқудың қызықты әрі шабыт беретін үдеріс екенін көрсетуге тырысты.