logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Problem–Project–Solution» ғылыми жобалар байқауы

15 сәуір 2026 11:06

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Problem–Project–Solution» ғылыми жобалар байқауы өтті.

Іс-шараға 200 оқушы қатысып, 125 жобасын ұсынды. 7-12 сынып оқушылары өз идеялары мен зерттеулерін мектеп мұғалімдеріне ұсынып, қорғады. Оқушылар әртүрлі бағыттар мен оқу пәндері бойынша жұмыс жүргізіп, теориялық зерттеулерден бастап өзекті мәселелерді шешуге бағытталған практикалық әзірлемелерге дейін көрсетті.
Айта кетейік, бұл байқау оқушылардың алдағы республикалық ғылыми жарыстарға қатысуына іріктеудің алғашқы кезеңі болып табылады және балаларға өз жобаларын жоғары деңгейде таныстыруға мүмкіндік береді.