logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері

14 сәуір 2026 15:11

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атанды.
10–11(12) сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері», «Орыс тілі мен әдебиеті», сондай-ақ «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәндері бойынша республикалық олимпиада 2026 жылғы 9–13 сәуір аралығында Шымкент қаласында өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 🥉3-орынды мектеп оқушылары Регина Кох пен Сабина Ибраева иеленді.
Петропавлдық NIS-те оқушыларды зор қошеметпен қарсы алды. Жүлдегерлерді мектеп директоры Виктор Сосин, педагогтер, кураторлар және сыныптастары құттықтады.