Жаңалықтар
CIS сарапшыларының қайта аккредитациялау рәсімі аясындағы жұмысы жалғасуда
14 сәуір 2026 11:15
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде CIS сарапшыларының қайта аккредитациялау рәсімі аясындағы жұмысы жалғасуда.
Сапар барысында сарапшылар мектеп қызметінің негізгі бағыттарын зерделеу мақсатында түрлі домендер бойынша комитеттермен кездесулер өткізуде. Сонымен қатар сапар бағдарламасына ата-аналармен, әлеуметтік серіктестермен және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы өкілдерімен кездесулер енгізілген. Бұл сарапшыларға мектеп ортасы мен білім беру үдерісі туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік береді.